АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығын қорытындылау бойынша ауданға қарасты Ақадыр кентінің әкімі ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесуге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат, мәслихат төрағасы С.Социал және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Кент әкімінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан әкімі халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.