МЕРДІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

МЕРДІГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі М.Мұхтаров ауыз су мәселесі бойынша мердігерлерді әкімдік ғимаратында қабылдап, кездесу өткізді. Алдынғы кездесуде Нұраталды ауылдық округінің Ақсу ауылындағы ауыз-су құрылысын жүргізген “Райс.kz” ЖШС-ның мердігері тарапынан жасалған жұмыстарға аудан басшысы бірқатар сын - ескертпелер айтылған болатын. Осыған орай, айтулы кездесуде бүгін жауапты мердігер сын - ескертпелердің шешу жолдарын талқылап бірқатар мәселелер он шешімін тапты. Сондай - ақ, аудан басшысы алдағы уақытта да құрылыс жұмысы өзінің жете бақылауында болатынын жеткізді.