
Аудан әкімі аудандық әкімшілік ғимаратында жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға жазылған тұрғындар сұрақтарының басым көпшілігі жер, тұрғын үй, ауыз су, жұмыссыздық бағыттары бойынша болды. Өз кезегінде аудан басшысы әр тұрғынның өтінішіне назар аударып, олардың шешілу жолдарын әкім орынбасарларымен және жауапты мекеме басшыларымен талқылап, жұмыс жоспарына алды. Сондай – ақ, кейбір мәселелер қабылдау барысында оң шешімін тапты. Айта кету керек, аудан орталығындағы тұрғындар өз мәселелерін филиал ғимаратына келіп жеткізсе, шалғай ауылдардағы тұрғындар ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.