Білім күні құтты болсын!

Білім күні құтты болсын!

Қадірлі ұстаздар!
Құрметті оқушылар мен ата-аналар!

Баршаңызды көрікті күз айының алғашқы мерекесі 1 қыркүйек - Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.
Биылғы жылы аудан бойынша 600 ге жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Осыған орай, бүгін аудан орталығындағы академик Ж.Ақылбаев атындағы мектеп - гимназиясына барып, ұстаздар мен оқушылардың және ата - аналардың қуаныштарына ортақтасып, ізгі лебізімді білдіріп қайттым. Жаңа оқу маусымы білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктеп, нақты іс - шараларды жүзеге асыратын кезең. Сондықтан ұлағатты ұстаздарымыздың қажырлы да құрметті жұмыстарына жеміс, оқушыларымызға толағай табыстар тілеймін. Алғаш қалам ұстағалы отырған бүлдіршіндеріміздің зерделері ашылып, биік белестерді бағындыра берсін.
Жаңа оқу жылы жетістіктерге жетелесін!
Мереке құтты болсын!