Конституция күні құтты болсын!

Конституция күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді еліміздің басты мерекесі, бүкілхалықтық референдумда қабылданған мемлекетіміздің тұғырлы төлқұжаты – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Конституция – бұл болашақ табыс пен әлеуметтік тапсырмалардың  алтын кілті болып отыр. Сондықтан Заңмен өмір сүріп, Заңды құрметтеу әр бір  азаматтың парызы.
Айбынды Ата Заңымыздың арқасында Біз алдымен шекарамызды шегендеп рәміздеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды белгілеп, ұлаң – ғайыр жеріміздің баға жетпес байлығы – ең бірінші Қазақстан азаматы екендігін құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құру арқылы айқындай білдік.
Осынау қуанышты күнде әрқайсыларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға баянды бақ – береке, көл – көсір ырыс – несібе тілеймін!
Жылдан жылға еліміз гүлденіп, қазыналы өңіріміз өркендеп, ауданымыздың ажары артып, айбынды Ата Заңымыздың абырой – беделі асқақтай берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров