КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!

КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!

Аудандық мәдениет үйінде 30 тамыз - Қазақстан Республикасының күніне арналған «Ата заңым - Тәуелсіздік белгісі» атты салтанатты шара өтті. Мемлекеттік әнұраннан бастау алған іс-шара барысында аудан әкімі М.Мұхтаров аудан халқын Конституция күнімен құттықтап, мерекеге орай әр салада ауданның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерге аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыс етті.
Осыдан кейін, “Бабалар аманаты” театрландырылған көрінісі қойылып, Қарағанды қаласы Қ.Байжанов атындағы концерттік  бірлестіктің жанынан құрылған «Әуен» ансамблінің концерттік бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің  иегері Р.Стамғазиев және аудан көркемөнерпаздары көрермен қауым назарына мерекелік бағдарлама ұсынды.