
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаров “С.Д.С.” ЖШС - нің инвесторларын қабылдады. Аталмыш жиында кәсіпкерлер қоқысты қайта өңдеп, одан электр энергиясы мен жылу өндіретін зауытты салу жоспарларымен таныстырды. “Өнеркәсіпті дамыту” қоры арқылы жүзеге асатын зауыттың салыну уақыты 2 жылды қамтиды.
Сонымен қатар, аудан басшысы инвесторларға жер мәселелері бойынша барынша қолдау көрсететінін атап өтсе, қалдықтарды энергияға айналдыратын зауытты Шет ауданы аумағы бойынша бірқатар жерлерді де қарастыруға ұсыныстар берілді.