КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Ауданның сала бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына арнайы келіп қатысса, ал ауыл, кент әкімдері онлайн режимде қатысты. Күн тәртібінде қойылған мәселелер бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, оларды шешу жолдары талқыға салынды. Ашып айтқанда, жаңа оқу жылына білім ұйымдарының дайындық барысы туралы, конституция күніне дайындық барысы жөнінде және ағымдағы жағдай бойынша Өспен, Батық, Мыңбаев, Ортау ауылдық округі әкімдерінің көлік салығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары мен БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы тақырыптар көтерілді.
Осыдан кейін басқа да түрлі сұрақтар қозғалып, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.