
Аудан әкімі М.Мұхтаров “Leopard invest” ЖШС - нің инвесторларын қабылдады. Аталмыш кездесуде кәсіпкерлер ауданға қарасты Көктіңкөлі елді мекенінің аумағында ашуды көздеген ферромолибден өндіретін зауыттың жоспарымен таныстырды. Бұл жоба 2 кезеңге бөлініп жүзеге асырылады. Осыған сәйкес, ең алдымен тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс құрылысын салу негізге алынуда. 1 кезеңнің жүзеге асыру уақыты 2026 жылға жоспарланып отыр және 2000 тонна дайын өнім өндіретін зауыт болса, 2 кезең - 10000 тонна дайын өнім өндіретін зауыт.
Сонымен қатар, жиналыста инвесторлардың жоспары мен жер учаскесін беру бойынша мәселелер қарастырылды.