ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаментінің ведомстволық бақылау және тәуекелдер бөлімінің басшысы Иманқұлова Айгүл Маратбекқызының бастамасымен және Шет ауданы әкімдігінің қолдауымен семинар-кеңес өтті. Аталмыш іс-шараға ауданның бөлім мекеме басшылары мен есепшілер қатысты.
Шара барысында жергілікті бюджеттердің жоспарлау сатысында әзірлеу, карау және бекіту мен нақтылау кезінде бюджет кодексінің талаптарын қатаң сақтау, қаржылық тәртіпті нығайту және бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша кеңінен ақпарат ұсынылды. Осыдан кейін, семинар кеңеске қатысушылар сұрақ-жауапқа көшті.