
Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Садықановтың бастамасымен “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ Қарағанды облыстық филиалы директорын, Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесі мүшелерін, Қарағанды облысының Полиция департаментін, Қарағанды көлік прокуратурасы мен БАҚ өкілдерін қатыстыра отырып “Қарағанды - Балқаш” автомобиль жолының құрылыс объектісіне бірлескен шығуы өтті. Аталмыш кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов, Шет аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Менисов, ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы С.Ахмедия және ауылдық округ пен кент әкімдері қатысты.
Кездесу барысында Қарағанды облысы бойынша Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің дамуы, сонымен қатар “Қарағанды-Балқаш” жобасының іске асырылу барысы туралы ағымдағы жағдай баяндалды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары және жергілікті атқарушы орган өкілдері аталмыш жолдың бойындағы суағар жүйесінің құрылысы және бөгеттер орнату мәселелерін көтерді.