
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Кәрсембаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Ауданның сала бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына арнайы келіп, ал ауыл, кент әкімдері онлайн режимде қатысты. Күн тәртібінде қойылған мәселелер аясында жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, оларды шешу жолдары талқыға салынды. Ашып айтқанда, ауданның 2024 жылғы қаңтар-маусымындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2024 жылдың көктеміндегі әскерге шақыру қорытындылары, сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларындағы әскери жиын жасақтау және ағымдағы жағдай бойынша бюджеттің игерілуі, “Ауыл ел бесігі” жобасының іске асырылу барысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары, БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар туралы тақырыптар көтерілді.
Осыдан кейін басқа да түрлі сұрақтар қозғалып, аудан әкімінің міндетін атқарушы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне жуық аралықта жүзеге асуы тиіс тапсырмалар берді.