
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров аудан әкімдігінің ғимаратында өлкеміздің ауылдық елді мекендерінде таза ауыз су құбырын тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесу өткізді. Қазіргі таңда аудан аумағындағы Ақшоқы ауылдық округінің Қызылтау, Ақбауыр, Нұраталды ауылдық округінің Ақсу, Қызылқой, Өспен ауылдық округінің Еркіндік ауылдары мен Красная поляна, Ақой округтерінде ауыз су құбырлары жаңартылып, қайта тартылуда. Келелі кездесуде жауапты мердігерлер атқарылып жатқан жұмыс барысын баяндап өтті. Осыған орай, аудан басшысы әр елді мекендегі құрылыс жұмыстарын жеке аралап көргендігін, нәтижесінде бірқатар олқылылықтар орын алғандығын атап көрсетті. Сондай-ақ, мердігерлерге барлық жұмыстың мерзіміне сәйкес уақытылы және сапалы болуы керектігін қатаң тапсырды.