
Аудан аумағындағы ауыл, кент әкімдерінің ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп беру кездесулері жалғасуда. Бекітілген кестеге сәйкес бүгін, Мойынты кенті мен Босаға, Киікті ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Барлық жиын сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар бойынша мәселелер көтерілді. Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасары айтылған ұсыныс-пікірлердің жұмыс жоспарына алынып, оң шешімін табуы толықтай жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Есептік кездесулерден кейін аудан әкімінің орынбасары халықты өзге де жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сонымен қатар, Босаға ауылдық округіндегі жаңадан салынған көпфункционалды корт пен ардагерлер алаңының, өткен жылы құрылыс жұмысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілген саябақтың, ішкі көше жолдарына жүргізілген орташа жөндеу жұмыстарының және өткелге қойылған суағар жүйесінің жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, Мойынты кентіндегі 6 шақырымды қамтитын ішкі көше жолдарына асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын көріп, жаңадан салынған балалар ойын алаңының жай-күйін бақылады.