
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал ету мақсатында арнайы семинар-тренинг өтті. Аталған жиынға мекеме басшылары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ақсақалдар алқасының мүшелері және белсенді жастар қатысты. Іс - шара мақсатына сәйкес түсіндірме жұмыстары мен іс - тәжірибелік міндеттерді «Жасұлан» біріккен балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы М.Абдрахманова жүргізді. Семинар барысында үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі және олардың мемлекеттік органдармен байланысын жетілдіру мәселесі талқыланып, ауыл аймақтарда аталмыш ұйымды ашудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, қатысушыларға әлеуметтік – экономикалық даму міндеттерін орындауда тұрғындардың қатысуын арттыру арқылы азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал ету және тақырып аясында шағын гранттарға қатысу жайында ақпарат берілді.