АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ

АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ

Ауданымызда ауыл, кент әкімдерінің ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп беру кездесулері жалғасуда. Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін С.Сейфуллин кенті және Шет, Өспен ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.
Сонымен қатар, С.Сейфуллин кентіндегі “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы шеңберінде салынып жатқан мектеп ғимараты мен тұрғын үйдің және мәдениет үйіндегі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, Өспен ауылдық округі бойынша “Ауыл Ел бесігі” жобасы аясында жасалып жатқан “Кеншілер” көшесіндегі жол құрылысымен танысты.
Осыдан кейін, аудан басшысы Еркіндік ауылында болып, қазіргі таңдағы ФАП ғимаратының жай-күйін бақылады. Сондай-ақ, аталмыш ауылдағы Теміржолшылар, Мектеп көшелерінде “Ауыл Ел бесігі” жобасы аясында жасалып жатқан жол құрылыстарының жұмыс барысымен танысып, бірқатар ескертпелер жасады.