
Шет ауданында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында 300 орындық екі мектеп құрылысы жүзеге асуда. Оның бірі – аудан орталығында, екіншісі Сейфуллин кентінде орналасқан. Қазіргі таңда Ақсу-Аюлы ауылындағы мектеп құрылысы орташа жылдамдықпен жүруде. Мектеп атауы Ы.Алтынсарин атына және С.Сейфуллин кентіндегі мектеп атауы А.Байтұрсынов атына берілмек.
Қос ғимараттың да құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер компания - “Стинк ТФК” ЖШС - і. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғалары қаланып, төбе плиталары мен метал арқалықтары орнатылып, ішкі электр монтаждау жұмыстары, сыртын қаптау, ішкі сантехникалық және т.б. тиісті жұмыстар жасалуда.