
Жуырда Нұра ауданында дәстүрге айналған ауыл спортшыларының облыстық “Сарыарқа-2024” жазғы спартакиадасы өткен болатын. Дүбірлі бәсекеге аймағымыздың 7 ауданынан 400-ге жуық үздік спортшы қатысып, 12 спорт түрінен өзара бақсынасты. Асық ату, кір тасын көтеру, бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ сынды ұлттық спортқа негізгі басымдық беріліп, әр ауданнан келген құрамалар волейбол, үстел теннисі сынды спорт сайыстарын қыздыра білді.
Нәтижесінде біздің ауданымыздың құрама командасы 2 - орын алып, жүлдегерлер қатарынан көріне білді.
Осы орайда, спартакиада бойынша сынға түскен спортшы ұл – қыздарымызды жүлделі орындарымен құттықтап, жаттықтырушы жандарға үлкен алғысымызды білдіреміз.