БАТЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЖАҒАЖАЙ

БАТЫҚ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЖАҒАЖАЙ

Қарағанды облысының әкімі қазыналы аймағымыздағы тұрғындардың жаз айларындағы суға шомылу кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында арнайы іс - шаралар қабылдауды тапсырған. Осыған орай, биылғы жылы аудан әкімінің бастамасымен ауданға қарасты Батық ауылдық округі аумағындағы “Батық” су қоймасының жағалауына жағажай құрылысы басталған болатын. Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер ЖК “ДарынСтрой” болды. Жаңа жағажайда адамдардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін құтқарушылар, алғашқы медициналық көмек көрсету бекеті және қоғамдық тәртіпті сақтау бекеттері де құрылды. Батық ауылдық округі әкімдігінің иелігіндегі тегін коммуналдық жағажай 1 тамыз күні демалушылар игілігіне берілді.
Айта кетейік, аудан орталығында жеке жағажай құрылыстарын жүргізу жұмыстары келесі жылға жоспарлануда.