АУДАН БАСШЫСЫ АРНАЙЫ ІС-САПАРДА

АУДАН БАСШЫСЫ АРНАЙЫ ІС-САПАРДА

Кеше аудан басшысы М.Мұхтаров пен аудан прокуроры Б.Абдулахат ауыл, кент әкімдерінің есеп беру кездесулерінен кейін, айтулы елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды аралады. Алдымен Красная Поляна ауылдық округіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәдениет үйінің жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда аталмыш ғимараттың шатырын жаңалап, жылыту қазандығын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, құрылысы жүріп жатқан жергілікті әкімшілік ғимараты мен өрт сөндіру бекетінің жұмыстарымен танысты. Бұл нысандар тамыз айының соңында аяқталатын болады.
Осыдан кейін, аудан басшысы Дәрия кентінде болып, ішкі 2,435 шақырымды құрайтын Абай, М.Әуезов, Ә. Молдағұлова көшелерінің жолдарына “Ауыл - ел бесігі” бағдарлама аясында жүзеге асып жатқан асфальт жабындысын төсеу жұмыстарының барысын бақылады. Қазіргі уақытта асфальттың шеттеріне қиыршық тастарды төсеу және жол белгілерін салу жұмыстары қалды. Сондай-ақ, кенттің Б.Момышұлы, Желтоқсан, М.Маметова көшелеріне де асфальт жабындысын төсеу жұмыстары алдағы жылға жоспарлануда.
Аудан басшысының жұмыс сапары Ақой ауылдық округінде жалғасып, жаңадан салынып жатқан ФАП ғимаратының жұмыстарымен танысып, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға алуды жүктеді.