АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Ауданымызда ауыл, кент әкімдерінің ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп беру кездесулері жалғасуда. Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін Көктіңкөлі, Батық және Бұрма ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат, аудандық маслихат аппаратының басшысы С.Социал және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.
Сонымен қатар, аудан басшысы өзінің бастамасымен ауданға қарасты Батық ауылдық округінде орналасқан Батық су қоймасының жағалауына салуға жоспарланған коммуналдық жағажай құрылысының жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, 20 шілдеде басталған жағажайдың құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес 2 тамызда толығымен аяқталып, тұрғындарға пайдалануға беріледі.