АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ

Ауданымызда ауыл, кент әкімдерінің ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп беру кездесулері басталды. Бекітілген кестеге сәйкес, бүгін алғашқы болып, Нұраталды, Талды және Ақшоқы ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ-жауап форматында өтіп, ауыл тұрғындары тарапынан бірқатар тақырыптар көтерілді. Осыған байланысты, аудан басшысы өз кезегінде айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы жеке бақылауында болатынын айтып, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады. Сондай-ақ, Талды ауылдық округінде ағымдағы жылы ашылған наубайхана ісі, жаңадан бой көтеріп жатқан ФАП ғимаратының құрылыс жұмыстарымен және Ақшоқы ауылдық округіндегі ФАП нысанының құрылысы мен су құбыры желілерінің құрылысымен танысты.