
Бүгінде ауданымызда мемлекеттік бағдарлама «Ауыл – ел бесігі» аясында бірқатар жобалар іске асып келеді. Оның ішінде аудан аумағындағы Еркіндік, Бұрма, Өспен ауылдары және Дәрия, С.Сейфуллин кенттеріндегі ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары қарастырылды. Атап айтқанда, Өспен ауылдық округі мен Еркіндік ауылында ұзындығы бір шақырымнан асатын ішкі көше жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, С.Сейфуллин кентінде 6,8 шақырымды қамтитын 9 көшенің жолдарын жөндеу жұмыстары бекітілген. Қазіргі уақытта Береке көшесіне асфальт жабындысы төселінді. Бұрма ауылында ұзындығы 4,8 шақырымды құрайтын ішкі көше жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатса, бүгінде Дәрия кентінде дәл осы бағдарлама аясында Абай көшесінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары басталған.
Бағдарлама негізінде жалпы 16,45 шақырым жолдар жөндеуден өтеді.