
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы М.Мұхтаровтың төрағалығымен кәріз жүйелері құрылысы бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиынға кәріз жүйесі бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер мекеме «Агидель - АС» ЖШС және кәріз жүйесін тартуға жауапты бөлім басшылары қатысты. Отырыс барысында қазіргі таңда Ақсу-Аюлы елді мекенінде атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалып, бірқатар мәселелер көтерілді.
Сонымен қатар, аудан басшысы мердігер мекеме мен жауапты бөлім басшыларына нақты нұсқаулар мен ұсыныстар беріп, қатаң бақылауға алынатынын атап өтті.