
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында гендерлік теңдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тақырыбында семинар өткізілді.
Аталмыш семинарды аудан әкімінің бірінші орынбасары Даурен Карсембаев бастап, алдағы негізгі тақырыпты «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының «Психологиялық сүйемелдеу» зертханасының психологы – Мейрамова Жанар Дүйсенбекқызы мен Ақтоғай аудандық мәслихатының депутаты, «Tomiris» жобасының жеңімпазы – Елеусізова Гүлнар Метайқызы ашық талқылауға салды.
Семинарға аудандық мекемелердің жас мамандары қатысып, белсенділік көрсете отырып өзара пікір алмасты.