
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде аудан бойынша ауылшаруашылық саласында 2024 жылға жобаланған инвестициялық жобалардың орындалысы жөнінде, сенімгерлік басқаруға және жалға берілген нысандар бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы, “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы шеңберінде Шет ауданы бойынша объектілер салу мәселесі, аудан негізінде көлік салығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және Шет, Өспен, Талды, Ақшоқы ауылдық округтеріндегі санитарлық тазалық жұмыстары туралы мәселелер қозғалды.
Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.