ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

ЖАҢА БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

 Ауданға қарасты Ақадыр кентінде “Муслима” атауында жаңа балабақша ашылды. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде 50 балаға арналған балабақшаның ашылу салтанатына арнайы барған аудан әкімі М.Мұхтаров жылы лебізін білдіріп, бүлдіршіндердің заман талабына сай балабақшада тәрбие алуына мүмкіндік берудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, айтулы мекеменің ашылуына мұрындық болған балабақша басшысы М.Аханов, жергілікті қоғамдастық мүшесі А.Қотырашов және Шет ауданы бойынша ең алғаш жеке меншік балабақшаның негізін қалаушы Г.Ахметовалар сөз сөйлеп, жүрекжарды ыстық ықыластарын жеткізді.
Айта кету керек, жаңа балабақша 12 кент тұрғының тұрақты жұмыспен қамтыған. Нысан аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Мұнда екі топ болса, әр топта 25 бала бар және 1 мен 5 жас аралығындағы балалар қабылданатын болады.