
Аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудан прокуроры Б.Абдулахат арнайы іс-сапармен аудан аумағындағы Алмалы кен орнында болды. Онда жылына 10 мың тоннаға дейін мыс катодын өндіретін «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС-ін аралады. Аталған өндіріс орны 2018 жылдың ортасынан тестілі режимде іске қосылып, толықтай өндірістік қуаттылығында жұмыс жасауда.
Осыдан кейін Алмалы кен орнының қуаттылығын арттыру мақсатында және болашақта жылына 30 мың тонна мыс катодын шығаратын Алмалы-2 зауытының құрылысымен танысты.