
Шет ауданын екі күн бойы дүбірге бөлеген Ұлттық спорт түрлерінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған облыстық фестивалдің жабылу салтанаты өтті.
Ұлттық ойындарымызды дамытуды көздеген додаға спорттың 9 түрінен 7 аудан, 1 қала спортшылары қатысып бәсекеге түсті.
Жабылу салтанатында сөз алған Қарағанды облысының ұлттық және ат спорты түрлері федерациясының президенті Нұржан Шайхин, Бұқаралық және балалар спортын дамыту орталығы басшысының орынбасары Талғат Абдишев, Шет ауданы әкімінің орынбасары Орал Стыбаев фестивалді қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін жасады.
Фестиваль қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Шет ауданының спортшылары қанжығаласа, 2-орын Бұқар Жырау ауданының жастарына бұйырды. Ал 3-орынды Ақтоғай ауданының қатысушылары иеленді.
Жерлестеріміз екінші жыл қатарынан чемпион атанды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!