
Аудан орталығында, Ақсу-Аюлының атшабар алаңында, Ұлттық спорт түрлерінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында облыстық фестивальдің ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі дода қарсаңында аудан әкімі М.Мұхтаров сөз сөйлеп, ауданның дамуы мен ұлттық спортқа сүбелі үлес қосқан Хантурин Қуаныш Хамитұлын, Смағұлов Көмек Бікішұлын, Тәуіртаев Қанағат Тәуіртайұлын және т.б. қолдау білдірген азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Сондай-ақ, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Абылаев, Қарағанды облыстық маслихатының депутаты Е.Халилин сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
11-12 шілде аралығында өтетін көшпенділер ойынына облыстың 7 ауданынан спортшылар қатысып, ұлттық ойындарымыз – теңге ілу, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, бес асық, тоғызқұмалақ, қазақ күресі және дәстүрлі садақ атудан өнер көрсетпек.
Ұлттық ойынға қатысушы барша спортшыларға сәттілік тілейміз!