ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ӨТТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЗЕКТІ СЕМИНАР ӨТТІ

 Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті. Айтулы отырыстың күн тәртібінде объектілерді салу және жөндеу орындау кезінде жасалатын сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде көтерілген тақырыптар аясында тиісті сала бөлім басшылары баяндама жасап, өз ойларымен бөлісті.