
Сіздерді 11-12 шілде күні аудан орталығында Ұлттық спорт түрлерінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өтетін облыстық фестивальді тамашалауға шақырамыз.
Фестивальдің ашылу салтанаты 11 шілде күні сағат 10:00-де Ақсу-Аюлы ауылының атшабар алаңында өтеді.
Фестиваль 10 спорт түрінен ұйымдастырылады:
Теңге ілу
Көкпар
Аударыспақ
Жамбы ату
Асық ату, бес асық
Тоғызқұмалақ
Қазақ күресі
Дәстүрлі садақ ату
Топ бәйге 25 шм
Фестивальге облыстың 7 ауданы қатысады.
Фестиваль жарыстары атшабар алаңында, Қаштай сайында болады.
Келіп, жанкүйер болып, ұлттық спортымызды насихаттауға үлес қосайық!