АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ!

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті. Айтулы отырысқа аудандық мәслихат төрағасы, әкім орынбасарлары мен бөлім, мекеме басшылары арнайы келіп, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері онлайн форматта қатысты. Күн тәртібінде аудан елді мекендерінде салынып жатқан құрылыс жұмыстары туралы, Нұраталды ауылдық округі мен Ақжал, Ақшатау, С.Сейфуллин кент әкімдерінің көлік салығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы мәселе қойылды.
Айтулы тақырыптар бойынша жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, аудан әкімі бірқатар атқарылуы тиіс тапсырмалар берді.