АСТАНА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

АСТАНА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 “6 шілде - Астана күніне” орай, Ақсу - Аюлы ауылындағы орталық саябақта мерекелік іс-шара өтті. Айтулы шарада аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап ізгі лебізін білдірді.
Осыдан кейін, шара барысы аудан өнерпаздарының тұщымды концерттік бағдарламасына ұласты. Сахна төрінен әуелете шырқалған патриоттық әндер әр көңілге шуақ шашып, шадыман-шаттыққа бөледі.