КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті. Ауданның сала бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына арнайы келіп, ал ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы онлайн режимде қатысты. Күн тәртібінде қойылған мәселелер аясында жауапты сала бөлім басшылары баяндамалар жасап, оларды шешу жолдары талқыға салынды. Ашып айтқанда, ауданымыздағы жерді пайдалануға беру, ағымдағы жағдай бойынша Бұрма, Талды, Ақой ауылдық округтерінде көлік салығын төлеу, Батық, Ақой, Бұрма, Нұраталды ауылдық округтерінде жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары жөніндегі тақырыптар көтерілді.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар қозғалып, аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне жуық аралықта жүзеге асуы тиіс тапсырмалар берді.