ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗДА

ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНЫМЫЗДА

Ауданымызға ҚР Парламент Сенатының депутаты С.Өтешов арнайы іс-сапармен келді. Сенатор сапар барысында өлкеміздегі туристік кешен соңғы қола дәуіріне жататын Беғазы – Дәндібай мәдениетіне жататын көне пирамидаларды аралады. Нақтырақ айтқанда, Талды ауылынан шығысқа қарай 13 шақырымдық жерде Талды-Нұра өзенінің сол жағалауында орналасқан «Қаражартас» қорымы мен «Ақкезен» қонысында болып, нысанның қазіргі жай-күйімен әрі экпедициялық топ жұмысымен танысты. Осыдан кейін, аудан әкімдігінің мәжіліс залында кездесу өткізді. Оған аудан әкімі М.Мұхтаров аудандық мәслихаттың төрағасы С.Социал және аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Отырыс барысында Серік Балғатайұлы Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баяндап өтіп, кеңеске қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, көкейкесті мәселелерді қозғады. Шара соңында Сенатор бірқатар мәселелер бойынша заң аясында тиімді шешімдер қарастырылып жатқандығын және әрбір көтерілген мәселе Үкімет отырысында көтерілетінін жеткізді.