АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар сұрағының басым көпшілігі тұрғын үй алу және оны қайта құрылымдау мәселелері бойынша болды. Өз кезегінде аудан әкімі әр тұрғынның өтініштеріне баса назар аударып, шешілу жолдарын қарауды сала орынбасарлары мен жауапты мекеме басшыларына тапсырып, бірқатар өтініштер қабылдау барысында оң шешімін тапты. Сондай-ақ, әр тұрғынға кез - келген көтерілген мәселенің жұмыс жоспарына алынып, өзінің жеке бақылауында болатынын жеткізді.