ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен құқық бұзушылықты алдын алу кеңесі өтті. Ауданның сала бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына арнайы келіп, ал ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы онлайн қатысты. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша жол көлік оқиғасы, балалар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың және құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнде, беймезгіл уақытта заңды өкілсіз көшеде немесе ойын орталықтарында жүруіне шектеу қою, спирттік өнімді сату мәселелері көтеріліп, жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Қозғалған тақырыптарға байланысты аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне тиісті тапсырмаларды жүктеді.