АУДАН БАСШЫСЫ АҚЖАЛ КЕНТІНДЕ

АУДАН БАСШЫСЫ АҚЖАЛ КЕНТІНДЕ

Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс-сапармен ауданымызға қарасты Ақжал кентіне барды. Сапар барысында аудан басшысы алдымен кент аумағында еліміз бойынша қорғасын мен мырыштың басым пайызын өндіретін «Nova Цинк» кен орнында болды. Онда айтулы кәсіпорнының электржабдықтау басшысы А. Серіковпен кездесу өткізіп, тоқ мәселесі жөнінен біршама тақырыптар көтерілді.
Осыдан кейін, аудан басшысы тұрғын елді мекендегі тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, мердігерлермен жүздесті және бірқатар талаптарды жүктеп, тапсырмалар берді.