
Ауданға қарасты Босаға ауылдық округінде Ұлы Отан соғысы мен Чернобыль апатының зардабын жоюға және ауған соғысына қатысқан ардагерлерге арналған ардагерлер алаңы ашылды.
Еңселі ескерткіш орын алған алаңның ашылу салтанатына Босаға ауылдық округінің ардагерлері мен ауыл тұрғындары және аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Шара барысында аудан басшысы ауыл жұртшылығын қуанышты күндерімен құттықтады.
Осыдан кейін, айтулы әлеуметтік нысанды қаржыландырып, құрылысын жүргізген “Тау шаруа қожалығының” жетекшісі Түсіпбеков Қанат Қуанышбекұлы ақжарма тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, ажарлы алаңмен бірге ауылдағы футбол, хоккей кортының ашылу салтанаты өтіп,спортшылар арасында жолдастық кездесу өтті.