
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті аппарат кеңесі өтті. Аталмыш отырыстың күн тәртібі бойынша өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттары, ауданда жүргізіліп жатқан санитарлық тазалық жұмыстары, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу мерзімі жөнінде жауапты бөлім басшылары баяндама жасады.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар талқыланып, жиын соңында аудан басшысы сала, бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне жақын аралықта шешілуі тиіс бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.