КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров аудан орталығындағы бір топ медицина қызметкерлерімен арнайы кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кездесу барысында аудан басшысы медицина қызметкерлерінің қоғамдағы ерекше еңбектерін атап өтіп, өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуына бағытталған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, аудан әкімі бірқатар өз саласында үздік қызмет атқарып жүрген ақ халатты жандарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, сала мамандары өз тараптарынан қойылған сауалдарға толыққанды жауаптарын алды.