
Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс – сапармен Ақжал кентінде болды. Онда аудан басшысы жуырда ғана жаңадан сайланған кент әкімін құттықтап, жұмысына сәттілік тілеп, әкімдік ұжымымен қысқаша жиналыс өткізді. Осыдан кейін, биылғы жылы кентте бой көтеріп жатқан 24 пәтерлі үй құрылысының барысын көріп, жауапты мердігермен кездесіп, алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Айта кету керек, бірінші нарықтағы 24 пәтерлі үй құрылысы ағымдағы жылдың күз айларында аяқтау жоспарлануда.