АУДАН ӘКІМІ КИІКТІ АУЫЛЫНДА

АУДАН ӘКІМІ КИІКТІ АУЫЛЫНДА


Аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы іс - сапармен Киікті ауылдық округінде болды.
Алдымен аудан басшысы ауыл көшесіне салынып жатқан жол құрылысымен танысып, жауапты мердігерге жоспарланған жұмыстың уақытылы әрі сапалы орындалуын тапсырды. Сондай - ақ, арнайы келген бірнеше ауыл тұрғынымен қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар тарапынан су тарту, өзен арнасына көпір салу сынды мәселелер болды. Өз кезегінде аудан басшысы алдағы жылы ауылдың таза ауыз су құбырын жаңарту бойынша жұмыс жүргізілетінін және көпір салу мәселесі жан - жақты қаралатынын жеткізді.