КИІКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

КИІКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 9-маусымында өткен сайлау нәтижесі бойынша ауданға қарасты Киікті ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Айтулы шарада аудан әкімі М.Мұхтаров халық сеніміне ие болған ауыл әкімін құттықтап, алдағы жұмысына сенім білдірді. Осыдан кейін, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Смагулов Мерей Қуатбекұлына ауыл әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Смагулов Мерей Қуатбекұлы – 1987 жылы Шет ауданы Ақадыр кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2008 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін, 2015 жыл Қазақ қатынас жолдары университетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 2008-2012 жылдары Киікті ауылындағы С.Мұқамеджанов атындағы орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі және көркемдік жетекшісі болып бастап, 2012-2020 жылдары Киікті ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін Киікті ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарды.