АҚЖАЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

АҚЖАЛ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 9-маусымында өткен сайлау нәтижесі бойынша ауданға қарасты Ақжал кентінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Айтулы шарада аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев жаңадан сайланған кент әкімін таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Осыдан кейін, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М.Құрмашев сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлына кент әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады.
Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлына – 1997 жылы Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2018 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін «құқықтану» және 2023 жылы аталмыш білім ордасын «тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2018-2019 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау және талап – арыз бөлімінің бас маманы, 2019 жылы ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті , персаналды басқару жөніндегі бас маманы,2020-2021 жылдары «Қарағанды облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бала құқығын қорғау, қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің бас маманы, 2021-2022 ж. «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы, 2022 жылдан бүгінге дейін «Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданы әкімі аппараты» ММ –нің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымын атқарды