
Ағымдағы жылдың 9-маусымында өткен сайлау нәтижесі бойынша ауданға қарасты Ақшоқы ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Айтулы шарада аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов ел сеніміне ие болған ауыл әкімініне жылы лебізін білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Осыдан кейін аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелерінің хаттамаларына сәйкес, басым дауыспен жеңіске жеткен Жолдыбеков Жанабек Жеңісұлына ауыл әкімінің куәлігін салтанатты түрде табыстады. Жолдыбеков Жанабек Жеңісұлы – 1986 жылы Шет ауданы Ақшоқы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2012 жылы Қарағанды политехникалық университетін тәмәмдаған. 2009 -2010 жылдар аралығында әскер қатарында борышын өтеген. Еңбек жолын Қарағанды аймағындағы бірнеше жеке кәсіпкерлік нысандарында қарапайым еңбек адамы болып бастап, 2013-2014 жылдары Шет ауданы, Ақшатау кенті әкімі аппаратының бас маманы, 2014 жылдан бастап бүгінге дейін Ақшоқы ауылдық округі әкімдігінің бас маманы болып қызмет атқарды.