КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Ауданның сала бөлім басшылары аудан әкімдігінің мәжіліс залына арнайы келіп, ал ауыл, кент әкімдері ZOOM қосымшасы арқылы онлайн қатысты. Күн тәртібінде қойылған мәселелер аясында жауапты сала басшылары баяндамалар жасап, шешу жолдары талқыға салынды. Ашып айтқанда, ауданымыздағы ауылшаруашылық саласындағы жұмыстар, биылғы жылы салынатын құрылыстар барысы, бюджет және салық тақырыптары көтерілді. Сондай-ақ, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жалғастыру бойынша бірқатар шешімдер шығарылды.
Осыдан кейін, басқа да түрлі сұрақтар көтеріліп, аудан басшысы жауапты сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне жуық аралықта жүзеге асуы тиіс тапсырмалар берді.