АУДАН ТАЗАЛЫҒЫ - МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

АУДАН ТАЗАЛЫҒЫ - МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

 Аудан әкімі М.Мұхтаров ауылдық округ әкімдері және коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Шалғай жердегі елді мекендер ZOOM платформасы арқылы байланысқа шықты. Аталмыш жиында ауданның санитарлық-тазалық сақтау мәселесі көтерілді. Аудан басшысы округ, кенттердегі санитарлық-тазалық сақтау, көгалдандыру, қайта өңдеу жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, жұмысына жауапсыздық танытқан бірқатар басшыларға ескерту жасады.
Сондай-ақ, бірқатар округ, кент әкімдері тазалық жұмыстары аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, маңызды мәселелерді талқылады.