
Аудан әкімі М.Мұхтаров "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында отырыс өткізді.
Аталмыш жиынға әкім орынбасарлары, бөлім мекеме басшылары, кенттер мен округтердің әкімдері қатысты. Күн тәртібінде аудан аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастыру мәселелері пысықталды. Аудан басшысы жауапты тұлғаларға белсенді азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, жергілікті халықты сенбіліктерге тарту үшін, тапсырмаларды уақытылы орындау бойынша ескертулер жасады.